Ресей АҚШ-қа жауап қатты

Ресей АҚШ-тың шыдамсыздығын түсініп тұр.  

Ресей АҚШ-қа жауап қатты Фото: dzen.ru

Бұл туралы РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлім еткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Жақында Лавров америкалық CBS компаниясына сұхбат берді. Ол онда назарды келіссөздердің болмай қалу мүмкіндігіне емес, нақты фактілерге аудару керегін сөз еткен. 

Бұған дейін АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио "Ресей мен Украина арасындағы келісімге жақын күндері қол қойылуы керек" деген еді, егер олай болмаса, Вашингтонның келіссөздер процесінен шығатынын шегелеп айтқан еді. 

– Біз олардың шыдамсыздық танытуын түсінеміз, америкалық мәдениет бойынша сіз елді күттіресіз және осы арқылы жағдайды ушықтырасыз. Бұл нақты саясатпен айналысуға мүмкіндік бермейді, – деді РФ Сыртқы істер министрі.

Сонымен қатар Лавров "біз осы жағдайда диалогқа, келіссөздерге әрдайым дайынбыз, біз сәтсіздікке үміт артпас едік" деп толықтыра түсті. 

Еске салайық, Рим Папасын жерлеу рәсімі аясында АҚШ президенті Дональд Трамппен кездескен соң Украина президенті Римде Франция президенті Эманюэль Макрон, Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармермен жүздескен еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу