АҚШ-тың жаңа баж салығы Қазақстан экспортының тек 5%-ына әсер етеді – министр

309

Қазақстан мәселені бақылауда ұстап отыр. 

АҚШ-тың жаңа баж салығы Қазақстан экспортының тек 5%-ына әсер етеді – министр Фото: Үкімет

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев АҚШ әкімшілігі енгізген жаңа кедендік баж салығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Министр тілшілердің "АҚШ әкімшілігі енгізген жаңа кедендік баж салығы Қазақстан экспортына қалай әсер етуі мүмкін?" деген сауалына жауап берді.

"Біз бұл туралы ресми баспасөз хабарламасында да айтқанбыз. Қазіргі таңда АҚШ енгізген жаңа баж салығы Қазақстанның АҚШ-қа экспорттайтын өнімдерінің шамамен 5 пайызына ғана қатысты. АҚШ әкімшілігі енгізген баж мөлшері – 12,5%. Нақты көрсеткіш әр тауар түріне байланысты өзгеруі мүмкін. Десек те, жалпы алғанда Қазақстаннан АҚШ-қа экспортталатын өнімнің 95 пайызы бұл баж салығына ілінбейді", – деді Арман Шаққалиев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

Министрлік жағдайды тұрақты бақылауда ұстап отырғаны белгілі болды. 

Айта кету керек, бұған дейін вице-министр ең көп экспортталатын ауыл шаруашылығы өнімдерін атағанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу