АҚШ Украинадағы соғысты аяқтау бойынша "нақты жоспарлары" барын мәлімдеді

184

АҚШ өкілдері Джаред Кушнер мен Стив Уиткофф Кремльде Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізді.

АҚШ Украинадағы соғысты аяқтау бойынша "нақты жоспарлары" барын мәлімдеді Фото: sputnik.by

Ақ үйдің мәлімдеуінше, тараптар Украинадағы соғысты аяқтаудың "нақты жоспарларын" талқылаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

АҚШ ұсыныстарының егжей-тегжейі әзірге жарияланған жоқ. Вашингтон оларды алдағы бірнеше аптада таныстыруды жоспарлап отыр.

Кремль келіссөздерді "пайдалы" әрі "сындарлы" деп бағалады. Ресей президентінің кеңесшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, АҚШ тарапы қақтығысты реттеуге қатысты бірнеше идея ұсынған. Сонымен қатар ол Путиннің Ресей соғыста өз мақсаттарына жететініне деген сенімі сақталғанын айтты.

Мәскеудегі кездесуден кейін Джаред Кушнер мен Стив Уиткофф Киевке аттанды. Олар бүгін Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесуі тиіс.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонда "бейбітшілік орнатудың бір идеясы" бар екенін айтқан еді. Алайда оның жоспары Украина аумағының бір бөлігін Ресейге беруді көздей ме, жоқ па – нақтылаған жоқ.

Қазіргі уақытта ықтимал бейбіт келісімнің негізгі талаптары әзірге белгісіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу