АҚШ әкімшілігі бұл талап орындалмаған жағдайда Украинаға барлау мәліметтерін беруді және қару-жарақ жеткізуді тоқтатуы мүмкін екенін ескерткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл туралы Financial Times басылымының мәліметінше, Вашингтонның қысымы Украинаға арналған америкалық қару-жарақты Еуропа елдері сатып алатын PURL бағдарламасына да қатысты. АҚШ әкімшілігі Киевті аталған бағдарламадан шығару мүмкіндігін қарастырып отырған көрінеді.
АҚШ әкімшілігінің өкілдері Еуропаның бірқатар елінің астаналарымен және Украинаның әскери кеңесшісі Павел Палисамен байланысқан.
Financial Times дерегінше, Вашингтонның бұл әрекеті Еуропадағы одақтастарын алаңдатып отыр. Өйткені, PURL бағдарламасы аясында НАТО үйлестіруімен Еуропа елдері Украинаға қажетті америкалық қару-жарақты сатып алады. Ал АҚШ-тың өзі бұл бағдарлама арқылы қару сатып алуға тікелей қаржы бөлмейді.
Ақ үй "Украинаға қару жеткізуді тоқтатуы мүмкін" деген ақпаратқа қатысты ресми түсініктеме бермеген.