АҚШ ядролық қару орналастыратын жаңа елдерді қарастырып жатыр

Бұл туралы бірнеше дереккөзге сілтеме жасап Financial Times басылымы мәлімдеген.

АҚШ ядролық қару орналастыратын жаңа елдерді қарастырып жатыр Фото: AP Photo / Mariam Zuhaib

Басылымның жазуынша, бұл арқылы АҚШ Еуропадағы ядролық әлеуетін кеңейту мүмкіндігін талқылауға кірісті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

НАТО аясында кейбір еуропалық мемлекетті ядролық тежеу жүйесіне қосу мәселесі қарастырылуда. Мысалы, олардың аумағында кәдімгі қарумен қатар америкалық ядролық оқтұмсықтарды да тасымалдай алатын әскери ұшақтарды орналастыру мүмкіндігі талқыланған. Десе де, әзірге бұл бағытта нақты шешім қабылданған жоқ. Financial Times дереккөздерінің айтуынша, мұндай талқылаулардың өзі АҚШ-тың одақтастарына берген ядролық қауіпсіздік кепілдіктері күшінде қалатынын көрсетуге бағытталған. Тіпті, "Еуропа елдері дәстүрлі қорғаныс саласындағы жауапкершіліктің едәуір бөлігін өз мойнына алуға мәжбүр болса да, Вашингтонның стратегиялық қолдауы сақталады" деген белгі ретінде қарастырылып отыр.

Бұл мәселеге НАТО-ның Ресейге ең жақын орналасқан шығыс қанатындағы мемлекеттері ерекше қызығушылық танытып отыр. Ықтимал үміткерлер қатарында Польша мен Балтық жағалауы елдерінің аты аталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу