АҚШ жарты миллион мигрантты қуып шықпақ

624

АҚШ-тың Жоғарғы соты Президент Дональд Трамптың әкімшілігіне Венесуэла, Гаити, Куба және Никарагуа елдерінен келген 500 мыңнан астам иммигрантқа заңды мәртебе беруден бас тартуына рұқсат етті.

АҚШ жарты миллион мигрантты қуып шықпақ Фото: Anadolu

Бұл мәртебені алған адамдар АҚШ аумағында заңды жүруге мүмкіндік алып беретін еді. Дегенмен оның жолына тосқауыл қойылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Құжатта Жоғарғы сот АҚШ атқарушы билігінің осы бағдарламаны тоқтату туралы өтінішін қанағаттандырғаны айтылған. Аталған бағдарлама 46-шы Президент Джо Байденнің әкімшілігі кезінде іске қосылған еді.

Бұған дейін төменгі инстанция соттары АҚШ билігінің 532 мың мигрантқа берілген заңды мәртебені жою әрекетін қабылдамай қойған.

Ол кезде соттар АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрлігі әрбір жеке істі жекелей талдап, қажет тексеріс жүргізбеді деп есептеген. Алайда Жоғарғы соттың шешімі Ауғанстан мен Украина сияқты басқа елдердің азаматтарына берілген мәртебеге әсер етпейді.

Венесуэла, Гаити, Куба және Никарагуадан келген мигранттар алдын ала АҚШ-қа кіру үшін өтініш беріп, 2 жылға дейін жұмыс істеуге рұқсат ала алатын.

Ол үшін АҚШ-та кепілгер табуы керек болатын. Бұл бағдарламаны Республикалық партия өкілдері қатты сынға алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу