Ақша айырбастау орындарында доллар 520 теңгеден сатылуда

Сарапшы доллар бағамының өсу себебін түсіндірді. 

Ақша айырбастау орындарында доллар 520 теңгеден сатылуда

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы да өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңертеңгілік сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 1,92 теңгеге артып, 501,64 теңгені құрады.  

Айта кетейік, Ұлттық банктің 5 наурызға бекіткен доллардың ресми бағамы 499,20 теңге.

Kurs.kz мәліметтеріне сүйенсек, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 505,58 теңге, сату – 520 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында АҚШ валютасы орта есеппен 515,45 теңгеден сатып алынып, 520,47 теңгеден сатылуда.

Қаржы сарапшысы Андрей Чеботарёв доллар бағамының өсу себебін Қазақстанда қолма-қол АҚШ валютасы тапшылығымен байланыстырды.

“Сондықтан айырбастаушылар бағамды көтереді. Нарықта валюта тапшылығы бар. Ал банктер сізге қолма-қол доллар беруден бас тартып, депозиттеріңізді теңгеге айырбастау арқылы беруді сұрауы мүмкін. Алайда сіздің ақшасы шетел валютасында алуды талап етуге құқығыңыз бар, бірақ ол қол жетімді болмаса, күтуге тура келеді”, – дейді сарапшы. 

Бұл ретте Андрей Чеботарёв тіпті санкция салынған банктер үшін де шетел валютасымен қолма-қол ақшасыз операцияларды жасауға ешқандай шектеулер жоқ екенін айтады.

“Қолма-қол ақша мәселесі жақын арада шешіледі деп үміттенемін, бірақ бұл сұраныстың артуына байланысты болғанын ескерген жөн”, – деп түйіндеді сарапшы. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу