Ақтауда дзюдодан Азия кубогы өтеді

478

Аталған турнир Халықаралық дзюдо федерациясының спорт кестесіне енген.

Ақтауда дзюдодан Азия кубогы өтеді Фото: Федерацияның баспасөз қызметі

12-13 қазан күндері Ақтауда дзюдодан әйелдер мен ерлер арасындағы Азияның ашық кубогы өтпек, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған турнирге Әзербайжан, Гонконг, Үндістан, Иран, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстаннан 200-ге жуық спортшы қатысады. 

Халықаралық дзюдо федерациясының ережелері бойынша рейтингтік саналатын турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері бірінші орын үшін 100 ұпай, екіншіге 70 ұпай, ал үшінші орынға 50 ұпай алады. 

Төменде жарыстар кестесі ұсынылған:

12 қазан

Ерлер: -60 кг, -66 кг, -73 кг

Әйелдер: -48 кг, -52 кг, -57 кг, -63 кг

10:00 — жарыстардың басталуы

16:30 — ресми ашылу рәсімі 

17:00 — финалдар 

13 қазан

Ерлер: -81 кг, -90 кг, -100 кг, +100 кг

Әйелдер: -70 кг, -78 кг, +78 кг

10:00 — жекпе-жектердің басталуы

17:00 — финал жекпе-жектері

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу