Ақтауда Еуропа мен Азияны байланыстыратын ірі логистикалық база салынады

126

Аталған жобалар нәтижесінде 1629 жаңа жұмыс орны құрылмақ. 

Ақтауда Еуропа мен Азияны байланыстыратын ірі логистикалық база салынады Фото: Ақтау қаласы әкімдігі

2026 жылы "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы аумағында жалпы құны 64 млрд теңге болатын 14 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ басқарма төрағасы Мүбәрак Төлегенов мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жоспарланған инвестициялық бастамалар өңірдің өңдеу өнеркәсібін дамытуға, өндірістік қуатты арттыруға және көлік-логистикалық инфрақұрылымды нығайтуға бағытталған.

Ақтауда Еуразиялық жеткізу тізбегінің базасы салынады. Жоба аясында теңіз, теміржол және автокөлік инфрақұрылымдарын біріктіретін заманауи логистикалық орталықтар құрылып, контейнерлік тасымал, сақтау және қайта өңдеу қызметтері дамытылады. Бұл база Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің өткізу қабілетін арттырып, өңір экономикасын дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және Қазақстанның транзиттік әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді. Инвестиция көлемі – 10 млрд теңге.

Келер жылы сондай-ақ, АЭА аумағында электр өткізгіштер мен электрмонтаждық құралдар, полипропилен, полиэтилен, термоусадка және стрейч пленка, су тазалау фильтрлері, гипсокартон және асфальтобетон қоспасы өндірістерін іске қосу көзделіп отыр. Сонымен қатар қара және түсті металл қалдықтарын қайта өңдейтін шағын зауыт, насостық штангалар, алдын ала оқшауланған және полиэтилен құбырлар шығаратын кәсіпорындар ашылмақ.

Айта кетейік, қазіргі таңда "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында 57 қатысушы тіркелген. Оның 27 жобасы іске қосылған, ал 30 жоба жүзеге асырылу сатысында. Сонымен қата, жалпы инвестиция көлемі 482,6 млрд теңге болатын 14 әлеуетті ірі инвестициялық жобадан тұратын пул қалыптастырылды. Бұл жобалар аясында шамамен 1 300 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу