Зерттеу нәтижелері нақтылануы және толықтырылуы мүмкін.
Құжатта көрсетілгендей, "Azerbaijan Airlines" ұшағы Грозный әуежайына екі рет қона алмағандықтан Бакуге оралуды ұйғарған.
Ұшақ апатына байланысты 53 беттік есепте мыналар жазылған:
Ұшаққа бірінші соққы сағат 05:13:31-де тіркелген.
Ұшаққа екінші соққы сағат 05:13:56-да тіркеледі.
Сағат 05:14:58-де ұшқыш жағдайды анықтау үшін бортсерікке хабарласып, не болғанын сұрайды.
Ұшқыш:
– Алло, не болды?
Бортсерік:
– Екі орындық жарылды, мен... жаныңызға бара алмаймын, өйткені жолаушылар тұрып кетті, мен оларды отырғызып жатырмын.
"Azerbaijan Airlines" ұшағы Бакуге оралуды ұйғарып, артынша Ақтауға ұшқан.
Ұшқыш әуелі Баку мен Махачкаланың ауа райын сұраған, сосын Бакуге бет алмақ болады.
Кейін Ақтаудағы ауа райын сұрайды. Қолайлы болған соң, сағат 05:42:40-та Ақтауға ұшады.
Ұшақ 06:02:47-де Ақтау әуежайымен байланысады.
Сағат 06:27:58-де ұшақ жерге құлайды.