"Ақтөбе" 16 жылдан кейін Қазақстан кубогын жеңіп алды

379

Футболдан Қазақстан кубогының ақтық ойыны өтті. Алматыда "Ақтөбе" мен "Атырау" кездесті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Ақтөбе" 16 жылдан кейін Қазақстан кубогын жеңіп алды Фото: Ақтөбе ФК

Кездесу барысында атыраулық команда алғашқы болып есеп ашты. Олардың қатарынан Николай Сигневич 24-минутта мергендік танытып, өз командасын алға шығарды.

Бірінші кезеңде ақтөбелік клуб таразы басын теңестіруге ұмтылды. Дегенмен таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.

Екінші кезеңде ақтөбелік клуб ойын тізгінін қолға алуға тырысты. Соған қарамастан 88-минутқа дейін дегеніне жете алған жоқ.

Сол сәтте бас төреші Данияр Сахи атыраулық команда тарапынан тәртіп бұзылуына байланысты олардың қақпасына пенальти белгіледі. Оны Әлібек Қасым мүлт жіберген жоқ. Арада бір минуттай өткенде Фредди Гондола мергендік танытып, "Ақтөбені" алға шығарды.

Осылайша, ақтөбелік клуб қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, өз тарихында 18 жылдан кейін кубокты төбесіне көтерді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу