"Ақтөбе Арена" стадионының құрылысы 2 жылда аяқталады

124

"Ақтөбе Арена" еліміздегі ең ірі стадиондардың бірі болмақ. 

"Ақтөбе Арена" стадионының құрылысы 2 жылда аяқталады

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында Ақтөбе қаласында футбол стадионын салу жоспарымен бөлісті. Әкімнің айтуынша, УЕФА талаптарына сәйкес стадион салу оңай емес. Ол үшін қыруар қаржы қажет.

– Орын санына қатысты келісім жүргізгенде, біз еурокубок ойындарын ескердік. Матчтар кезінде қосымша арқылы 160 мыңнан астам билетке сұраныс болды. Ал ішкі чемпионат ойындарына сұраныс 50-55 мың билетке дейін жетеді. Сондықтан стадионның сыйымдылығын 35 мың көрермен деп белгілеуді шештік. Мамандардың қорытындысына сәйкес, стадион құрылысын екі жыл ішінде аяқтауға мүмкіндігіміз бар, – деді Шахаров брифингте.

Айта кетейік, "Ақтөбе Арена" стадионын салуға шамамен 65-70 млрд теңге жұмсалатыны белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу