"Ақтөбе" фаворит екенін дәлелдеді

1844

Биыл премьер-лигаға қайтадан жолдама аламыз деп отырған "Ақтөбе" алғашқы жеңісіне қол жеткізді. 

"Ақтөбе" фаворит екенін дәлелдеді

"Ақтөбе" футбол клубы Бірінші лиганың 3-туры аясында қызылордалық "Байқоңырды" ірі есеппен жеңді. Матч Шымкенттегі "Биік" стадионында өтіп, 5:0 есебімен аяқталды.

Матч бастала салысымен "Ақтөбе" ойын тізгінін өз қолдарына алды. Алғашқы шабуылдың өзінде-ақ гол соғып кетті. Бұл голды Чернышов 24-секундта салды. Кездесудің 24-минутында Джорджевич қақпашымен жеке-дара шығып, есепті еселеді. Ал 41-минутта Прокопенко командасының үшінші голын соқты.

"Ақтөбе" екінші таймда да тоқтап қалмады. 61-минутта Джорджевич дубль авторы атанса, 88-минутта Рифат Нурмухамет бесінші голды соғып, ойынның нүктесін қойды.

Бұл жеңістен кейін "Ақтөбе" 4 ұпаймен үшінші орынға көтерілді. Бірде-бір ұпайы жоқ "Байқоңыр" соңғы орында қалды. Айта кеуіміз керек, 1-лиганың өзге де ойындары өтіп, қызықты нәтижелер тіркелді. Мысалы, лиганың фавориттерінің бірі "Ақжайық" осы турда ұпай жоғалтты. Орал қаласының командасы "Жетісу" 2 командасымен 1-1 тең түсті. 55-минутта Олег Хромцов есеп ашып еді, артынша "Жетісу" жастары таразы басын теңестірді. Гол авторы Едіге Оралбай. 

Ал чемпионатты нашар бастаған "Мақтаарал" кезекті мәрте жеңіліс тапты. Семейдің "Алтай" командасы шымкенттік ұжымның қақпасына жауапсыз үш гол салды. 

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу