Уганда ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы өз мансабында "Ura" ФК өнер көрсеткен. Мұнда ол барлығы 3 ойын өткізіп, 1 гол соққан. Шафик туралы басқа мәлімет өкінішке орай жоқ!
Бірнеше күндер бұрын "Ақтөбе" қатарын толықтырған Сергей Еременко командада қалмайтын болды.Танымал футболшы Роман Еременконың інісі өз мансабында "Спартак", "Оренбург", "СИК" командаларында өнер көрсетті. Трансфермаркет футболшыны 100 мың еуроға бағалауда. "Қызыл-ақтар" Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Стас Покатиловтың келісімшартын ұзартты. Стас "Ақтөбе" сапында 2022 жылдың ақпан айынан бері доп теуіп келеді. Қақпашының трансферлік құны 600 мың еуроны құрайды.
Александр Меркель жаман жаңалықпен бөлісті. Ол алғашында былай деп еді:
"Хатайспор" мен "Газиантеп" маусымды ары қарай жалғастыра алмауы мүмкін. Біз болып жатқан жағдайдың қандай бағытта өрбіп кетуін білмейміз. Тақым қысып, клубтан хабар күтіп отырмыз. Егерде "Газиантеп" жазға дейін алаңға шыға алмаса, жаңа команда іздеуге тура келеді. Жағдай ешкімнің пайдасына шешіліп жатқан жоқ. Не болсада күту керек".
Уақыт өте Меркель "Газиантеп" үшін маусым аяқталды деп жаңағы мәлімдемесіне қоса кетті. Жартылай қорғаушы "Газиантеп" ұжымында 2021 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Осы маусымда ол барлығы 18 ойынға қатысты. Отандасымыздың командасы түрік Суперлигасында 11 орында тұрақтап тұр.