"Ақтөбе" футбол клубының жаңа құрамы белгілі болды

3074

Ақтөбе обылысының әкімі Оңдасын Оразалин "Ақтөбе" футбол командасының жаңа құрамымен танысты.

"Ақтөбе" футбол клубының жаңа құрамы белгілі болды

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалинге "Ақтөбе" футбол клубының жаңа құрамын бас бапкер Алексей Петрушин мен басқарма төрағасы Артур Смағұлов таныстырды. "Жергілікті футболды дамытуға қаржылай қолдау білдірген депутаттарға алғыс білдіреміз. Жаңа құрам ақтөбелік жанкүйерлердің үмітін ақтайды деп ойлаймын. Алдағы уақытта ойындарда жеңістерге қол жеткізуге, табысқа жетулеріңізге тілектеспін!", - деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.

Ақтөбелік команда құрамының үштен бір бөлігі өзгерген. Жергілікті ойыншылардан өзге, легионерлерден команда намысын ресейлік Артур Шабикеев, Андрей Часовских, Олег Чернышев, Георгий Бурнаш, Алексей Концедалов, Эдуард Сухановтар қорғайтын болады. Сондай-ақ команда Сербиядан келген Никола Цуцкич, Кот-д'Ивуардан келген Куаджа Куасси және черногориялық Бобан Джорджевичтермен келісім-шарт жасады.

Сонымен қатар, "Ақтөбе" капитаны Виталий Волков облыс басшысына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді. "Команда намысын қорғау үшін қолымыздан келгеннің барлығын жасаймыз және бізге артылған үмітті ақтаймыз", - деді команда капитаны.

Естеріңізге сала кетсек, өткен маусымда "Ақтөбе" Премьер-лигадан шығып қалған болатын. Енді команда жоғарғы дивизионға қайта оралуды мақсат етіп отыр. Кездесу өткен күні кешке команда мен бапкерлік құрам Т.Ахтанов атындағы драма театрында жанкүйерлермен кездесті. Футболшылар өз нөмірлері жазылған жейделерін киді. Спорттық мансабы басталғаннан осы күнге дейін 34 нөмірдегі қақпашы Жасұр Нәрзіқұлов енді 1-нөмірде алаңға шығатын болды. Ал, команда капитаны былтырғы жылғы 22-нөмірде қалды. 10-нөмір Жамбыл Көкеевке бұйырды. 9-нөмірді команданың жаңа ойыншысы Владислав Прокопенко иемденсе, 11-нөмірді жас шабуылшы Максим Самородов өзі таңдап алды.

"Ақтөбе" футбол клубының ойыншылары 2020-жылғы маусымда келесі нөмірлерде алаңда ойнайтын болады:

№ 1 – Жасұр Нәрзіқұлов

№ 32 – Мұхамбет Тамабай

№ 25 – Евгений Ситдиков

№ 31 – Әділхан Таңжарықов

№ 6 – Рустам Темірхан

№ 5 – Алексей Концедалов

№ 40 – Куасси Куаджа

№ 19 – Ардақ Сәулет

№ 20 – Нұрболат Батырханов

№ 17 – Есен Жасанов

№ 3 – Георгий Бурнаш

№ 28 – Рустам Сахибов

 № 24 – Никола Цуцкич

 № 12 – Әлішер Әжімов

 № 48 – Әлішер Назаров

 № 10 – Жамбыл Көкеев

№ 23 – Рифат Нурмугамет

№ 18 – Эдуард Суханов

№ 88 – Антон Шурыгин

 № 4 – Демият Сламбеков

 № 7 – Олег Чернышов

№ 45 – Артур Шабикеев

№ 11 – Максим Самородов

№ 9 – Владислав Прокопенко

№ 77 – Андрей Часовских

№ 97 – Бобан Джорджович 

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу