Саяси сарапшының сөзінше, қазірде ақпарат аз да,есесіне түрлі сыбыстар жеткілікті. Дегенмен, екі оқиғаны саралар болсақ, айырмашылығы шамалы. Яғни, мұны елдегі күш құрылымдарына бағытталған террорлық әрекет деуге болады. Ақтөбе мен Алматы қалаларындағы терактілер сценарийі бір екендігін аңғартады.
Осылайша діни экстремистік топтар халыққа мемлекет өз қауіпсіздігін қорғауда қауқарсыз, күштік құрылымдардың міндеттерін орындауға қабілетсіздігін көрсетіп, елді үрейлендіруді көздейді.
Олардың көзқарасынша, біздер бастысы, мұсылман немесе дінді берік ұстанатын елдер қатарына кіреміз. Қазірде қоғамды өзіне қарсы қойғанымен, негізгі мақсаттары мемлекетті басқару екендіктері айқын. Экстремистік күш құрылымдарына шабуылдайтындығы сондықтан. БАҚ-та жарияланбағанмен де кейбір азаматтар жеке мәселесін шешу үшін емханалар мен сауда үйіндегі кісілерді кепілдікке алуға тырысқандар болған.
Алматымен қатар әлемнің өзге елдеріңдегі Стамбул әуежайындағы бомба жарылысы, Францияның Ницца қаласындағы қайғылы жағдайдың бір мезгілде болуы жалғыз экстремисттік топтың ісі екендігі, what’s app мессенджерімен хабар алысқандығы байқалады. Алматыдағы лаңкестік шабуыл күні-бұрын ойластырылғанға ұқсайды.
"Сол күні "Жұлдыз" ықшам ауданында қарулы 100 лаңкестің адамдарға оңды-солды оқ жаудыруда деген жалған ақпарат тарады. Жалған телефон хабарламаларын анықтау тәртіп сақшыларының міндеті екендігі түсінікті. Осы сияқты жәйттер жеткілікті.Әлдебір ғимаратқа жарылғыш зат қойылғаны, сонымен бірге тәртіпсіздік жайында телефон шалынса, полицейлер мен кинологтардың жетуі тиіс. Бәлкім, ішкі істер департаментіндегі атыс жөнінде хабарлағанымен өзгелері растығына күмәнданған да шығар. Меніңше, тәртіп телефон қоңырауларын әлі де сақшылары мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдері анықтауы қажет. Ондай ақпарат жоқтың қасы.
Алматыдағы оқиғаға байланысты түрлі болжамдар айтылуда. Саясаттанушының сөзінше, радикализм мен терроризм Қазақстанды мықтап дендеді. Салдары ұзақ уақытқа созылады. Халық болып күресудің тиімді тәсілін үйренуіміз қажет", -дейді , саяси сарапшы Айдос Сарым.
Саяжан Каукенова