Ақтөбе облысының әкімі Президент сынына жауап берді

Оңдасын Оразалин сыннан қорытынды шығарып, тапсырманы орындауға міндетті екенін айтты.

Ақтөбе облысының әкімі Президент сынына жауап берді

Өткен жылы Президент Ақтөбе облысындағы жол сапасын антирейтингке қосқан еді. Бұл туралы биыл Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов та айтып, елдегі жол сапасы ең төмен өңірдің бірі деп ескерткен еді. Мұнымен аймақ басшысы да келісіп отыр. 

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте  журналистердің сұрағына жауап берген әкім Ақтөбе облысы жол сапасы бойынша антирейтингте төменгі 16-орында екенін айтты. 

"2018 жылы жол сапасының көрсеткіші 53%, биыл 66% жеткіземіз деген жоспарымыз бар. Бұл әрине аз. Бірақ Үкімет көмегі және өз қаражатымыз соңғы 3 жылда бұған дейінгі барлық кезеңде бөлінген қаражатқа тең. Алға жылжу бар. Бұл жұмысты да жалғастырамыз. Бізде жол және Ақтөбе қаласында көшелердің мәселесі бар. Өткен жылы 100-ден астам көше жөнделді. Жол сапасының активтерін бақылау Ұлттық орталығының қадағалауымен біздің мердігерлер жасаған жолдың 20%-ын қабылдамадық. Биыл қайта жасауды тапсырдық. Өткен жылы басталған жұмыстарды жалғастырып, жыл соңына дейін Ақтөбе көшелерінде бірқатар жақсы нәтижеге қол жеткіземіз. Ал жолдар бойынша мәселе бар. Бірақ Президент қойған тапсырманы орындауға міндеттіміз.  Бұл жағынан бізге тәртіптік жаза қолданылды. Бірінші орынбасарым қызметтен кетті.  Алайда ең бастапқы кезде бізде мүмкіндік төмен болды", – деді облыс әкімі. 

Оңдасын Оразалин брифингте өңірде қуаңшылық болуы мүмкін деген болжамға қатысты пікірін де білдірді. 

"Шаруалар алдын-ала қамданса, өңірде қуаңшылықта қиындықтар көрмеуге мүмкіншілік бар. Облыстағы сала басшыларына әр шаруа қожалықпен жеке жұмыс жасауды тапсырдық. Кейбір жерде ауа райына байланысты қауіп барын байқадық. Күзге дейін қысқа дайындалу туралы тапсырма бердік. Былтыр кейбір шаруа қожалықтар жем-шөбін сатып жіберіп, қыс ұзарып, қиындыққа тап болды. Былтырғы, биылға көктем көп шаруаға сабақ болды деп ойлаймын", – деді әкім. 

Құралай Құдайберген


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу