"Ақтөбе" өз алаңында "Сараеводан" жеңіліп қалды

493

Бұл жолы кездесу Ақтөбеде өтіп, 1:0 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды. 

"Ақтөбе" өз алаңында "Сараеводан" жеңіліп қалды Фото: Прессбол

Бүгін, 11 шілде күні үшінші деңгейлі Конференция лигасының бірінші кезеңінде "Ақтөбе" клубы Босния және Герцеговина чемпионатын 4-орынмен аяқтаған "Сараевомен" өзара мықтыны анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Transfermarkt cайтының мәліметтеріне сәйкес, "Сараево" ойыншыларының құны 12,30 милллион еуроға бағаланса, "Ақтөбенің" құрамы 9,60 млн еуроны құрайды. Қонақтардың бас бапкері Зоран Зекич бұған дейін Албания чемпионы "Партизаниды" баптап, 2023 жылы Конференция лигасының плей-оффында "Астанаға" қос матчтың қорытындысы бойынша 1:2 есебімен жеңілген.

Бұл жолы кездесу Ақтөбеде өтіп, 1:0 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды. Алаң иелері барлық жағынан қарсыластарынан басым көрінді. Дмитрий Парфеновтың шәкірттері доп айырмашылығымен жеңіске жетуі керек еді. Алайда қақпаға доп бағыттаған Максим Самородовқа да, басқа "қызыл-ақтардың" ойыншыларына дәлдік жетпеді.

Қонақтар сирек шабуылдармен жауап беріп, Игорь Шацкий қақпасына гол соқты. Фрэнсис Киреме 90-минутта қашықтықтан әдемі және дәл соққымен есеп ашты. Командалардың қарымта кездесуі 19 шілдеде Сараевода өтеді. Екінші іріктеу кезеңіндегі матчтың жеңімпазы "Трнава Спартак" клубымен (Словакия) кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу