"Ақтөбе" Ресей жастар құрамасының ойыншысын алды

1878

"Чемпионат" ақпараттық порталының хабарлауы бойынша ресейлік "Нижний Новгород" футбол командасының  қорғаушысы Юрий Лебедев спорттық мансабын "Ақтөбе" командасының сапында жалғастырмақ.

"Ақтөбе" Ресей жастар құрамасының ойыншысын алды

Қазіргі таңда футболшы қазақстандық клубтың оқу-жаттығу жиындарында жүр.

Соңғы рет Лебедев "Нижний Новгород" командасында өнер көрсеткен. Юрий 15 ойында алаңға шығып, бір де бір нәтижелі көрсеткішке жете алмады. Сондай-ақ, Лебедев бұған дейін "Зенит", "Балтика", "Спартак-Нальчик", "Петротрест", "Динамо" (Спб), "Луч-Энергия", "Салют", "Мордовия" сияқты футбол командаларында ойнаған.

Сонымен қатар Ресейдің жасөспірімдер мен жастар құрамасына шақыртылған.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу