"Ақтөбе" сырт алаңда "Ақжайыққа" жеңіліп қалды

1536

"Ақтөбе" Қазақстан Кубогіндегі жорығын топтық кезеңнен аяқтады.

"Ақтөбе" сырт алаңда "Ақжайыққа" жеңіліп қалды

"Ақжайық" Қазақстан Кубогінің бесінші туры қарсаңында "Ақтөбені" қабылдады. Матч Оралдағы Петр Атоян атындағы стадионда өтіп, 2:1 есебімен аяқталды.

"Ақжайық" ойын бастала салысымен есепте алға шықты. Қақпашымен жеке-дара шыққан Николай Ковталюк өз мүмкіндігін сәтті пайдаланды. 54-минутта Иван Антипов Евгений Козловтың пасынан кейін матчтағы екінші голды соқты. Кездесудің 78-минутында Темірлан Ерланов есеп айырмасын қысқартты. "Ақжайық" он ұпаймен С тобында алғашқы орынға көтерілді. "Ақтөбе" ең соңғы орынға жайғасты (0 ұпай).

Ал "Мақтаарал" Қазақстан Кубогінің бесінші туры аясында "Атырау" клубымен кездесті. Матч Атакенттегі Алпамыс батыр стадионында өтіп, 1:1 есебімен аяқталды. Ойынның небәрі 5-минутында "Мақтааралдың" жартылай қорғаушысы Ерболат Рүстемов алыстан өте жойқын соққы бағыттап, командасын алға шығарды. Ал ойынның аяқталуына екі минут қалғанда Петр Гжельчак баспен гол соқты. Соңғы үш матчта жеңілмеген "Мақтаарал" 8 ұпаймен В тобында екінші орынға табан тіреді. "Атырау" екі ұпаймен ең соңғы орында қала берді.

Сонымен қатар Қазақстан Кубогінің бесінші туры аясында БЖМОРСМ 8 және "Қызыл-Жар" командалары үш ұпайды сарапқа салды. Матч "Астана Аренада" өтіп, 2:3 есебімен петропавлдық клубтың пайдасына шешілді.

Ойынның 15-минутында Әлібек Қасым айып добын тамаша орындап, есеп ашты. 50-минутта Артур Дадаханов алыс тоғыздықты дәл көздеп, таразы басын теңестірді. Араға үш минут салып, Тимур Мульдинов өз командасын алға шығарды. Ал 68-минутта Максим Скорых көзге түсті. 86-минутта Арман Төлегенов тағы да айып алаңның сыртынан соққы бағыттап, есепті қысқартты. "Қызыл-Жар" бұл жеңістен кейін А тобында 10 ұпаймен көш бастады. Бірде-бір ұпайы жоқ елордалық команда ең соңғы орында тұр.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу