"Ақтөбе" ұлттық құрама футболшысын қатарға қосты

390

Осы күнге дейін Беларусьтің "БАТЭ-сінде" доп тепкен Оралхан елге оралды.

"Ақтөбе" ұлттық құрама футболшысын қатарға қосты Фото: Ақтөбе ФК

"Ақтөбе" ФК қазақстандық шабуылшы Оралхан Өміртаевпен келісімшарт жасасқанын растады.

Шабуылшы бас бапкер Игорь Леоновтың ойын схемасында өзіндік орны бар ойыншы. Жылдамдық, физикалық даярлығының арқасында ол өзінің командаға пайдалы екенін дәлелдей алды.

Оралхан мансабын 2015 жылы қазақстандық "Шахтер" клубында бастады. Кейіннен "Тобыл", "Ақжайық", "Атырау" командаларының құрамында ойнады. Беларусь чемпионатында "Слуцк" және "БАТЭ" командаларының сапында барлығы 27 ойында 10 гол соғып, команданың үздік сұрмергені атанды.

Сонымен қатар, Қазақстан Ұлттық құрамасы сапында 5 ойында екі рет қақпаны дәл көздеді. Өміртаев ОЖЖ барысында "Ақтөбе" үшін дебюттік голын соғып үлгерді.

Айта кетейік, "Ақтөбе" футбол клубы 2024 жылғы Қазақстан Премьер-лигасында табысты өнер көрсетіп, қола жүлдеге ие болды. Ендігі кезекте команда талантты футболшыларды қатарға қосып, биыл да чемпиондыққа таласуды көздеп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу