Ақтөбеде дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтеді

529

Аралас командалық жарыстың жеңімпазына Қазақстан кубогі табысталады.

Ақтөбеде дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтеді Фото: olympic.kz

Ақтөбеде дзюдодан ерлер және әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Ел біріншлігі 15-18 қараша күндері "Қоныс" спорт кешенінде өтпек. Республикалық додаға еліміздің 17 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан барлығы 500-ге жуық дзюдошы қатысады деп жоспарланған.

Қазақстан чемпионаты нәтижесінде 2025-2026 жылғы жаңа маусымға ұлттық құрама жасақталатын болады. Төрт күнге жоспарланған жарыста ерлер мен әйелдер 7 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу