Ақтөбеде гүлдер фестивалі өтті

1308

250 қатысушы өсімдік баптаудың құпиясымен бөлісіп, түрлі сұрыптағы гүлдерді көпшілік назарына ұсынды.

Ақтөбеде гүлдер фестивалі өтті Фото: inbusiness.kz

"Гүлдер әлемі" деп аталатын фестиваль Ақтөбеде бірнеше жылдан бері ұйымдастырылып келеді. 

Биылғы шараға жеке гүл өсірушілерден басқа, қаладағы колледж, мектеп ұжымдары да қатысты.

Әр қатысушы көптің арасында ерекшеленуге тырысты. Келушілер гүлмен безендірілген инсталляциялар, көлік толы алма, бау-бақша өнімдерін суретке түсіріп, флористерден құнды ақпараттар жазып алып жатты.

Шынаргүл Сатынғалиева – әдемілікті жаны сүйетін жандардың бірі. Бала кезінен гүл өсіруді әдетке айналдырған. Бүгінде тек хоббиі ғана емес, табыс көзі.

"Үйімнің ауласы да, бөлмесі де гүлге толы. Бүгін көрмеге ауламда өсірген көпжылдық өсімдіктерді, сирек кездесетін бөлме гүлдерін де әкелдім. Көбісі  гүлдер осылай әдемі  гүлдеу үшін не істеу керектігін сұрап жатады, Менің айтатын жауабым – махаббат керек. Бұл да – тірі организм. Гүлдермен сөйлесіп, жақсы көретініңді айту керек, жылуыңды, махаббатыңды сезінуге тиіс", – дейді Шынаргүл Сатынғалиева.

Ал Ақтөбе автожол колледжінің  фестивальге дайындап  әкелген туындысы тіпті ерекше.

Бағдаршамның үш шамын  үш түрлі роза, қалампыз және пион гүлдерімен безендіріпті. Ал жаяу жүргінші жолағының қапталына кармен бозкілемі деп аталатын гүлдерді орналастырған. Оның да өзіндік құпиясы бар екен.

"Бозкілем гүлін  жол жиектеріне, осылай жаяу жүргіншілер жолағының тұсына екі жағынан егіп қойса – өте пайдалы. Мысалы, көліктен шыққан газ – өте зиян. Ал мына кармен бозкілемі деп аталатын гүл 20 градус аязға шыдамды, әрі көліктен шыққан зиянды газдың бәрін өзіне жұтып алады. Осылайша ауаны тазартады.  Мұны студенттеріміз оқытушыларымызбен бірге жоба дайындап,  жолға жауапты мекемелерге де ұсынып жатырмыз", – дейді Ақтөбе автожол колледжі директорының орынбасары  Рахметолла Әбуов.

Көрмеде тек гүлдер ғана емес,  көпшілік назарына ауладағы  бау-бауқшасында, өсірген емдік қасиеті бар шөп, асқабағы дем кәдісін, таңқурайын әкеліп ұсынғандар да бар. Хош иісті емдік шөптерден шәй демдеп ұсынып жатқандар да бар.

Фестивальдің қорытындысы бойынша қазылар алқасы үздіктерді анықтап, марапаттады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу