Ақтөбеде тарихи ескерткіш қирап қалды

1390

Ақтөбенің Алға ауданында 114 жылдық тарихы бар диірмен қирап қалды. Оған нөсер жауын мен қатты дауыл себеп болған.

Ақтөбеде тарихи ескерткіш қирап қалды Фото: inbusiness.kz

Алға ауданы Есет батыр ауылындағы желдиірмен туралы білмейтін адам кемде-кем. Облыстың маңызы бар нысанның тарихы сонау 1900 жылдардан басталады. Халық аузында Украинадан келген переселендер, ағайынды жігіттер тұрғызған деген әңгіме жүр. Қазақ жеріне қоныс тепкеннен кейін олар ағаштан биіктігі 17 метр болатын желдиірмен тұрғызған.

"1909 жылы Украинадан  жер аударылып келген Лаврушко мен  Тимойфей деген кісілер салады. Содан   1961 жылға дейін халыққа қызмет  етіп жасап тұрған. Әсіресе, тың игеру  аяқталғанша халық  егін ексе, соны осы диірменде ұн  қылып тартқан. 1984 жылы желдиірменді  ескерткіш ретінде қорғауға алу үшін арнайы паспорты жасақталады. 2010 жылы  арнайы сараптама жасалып,  мәдениет министрлігінің келісімімен, облыс әкімінің  қаулысымен мемлкеттік қорғауға алынды. Кейін Алға ауданы әкімдігі айналасын қоршап, күтіп ұстады. Кеше дауылдың кесірінен, өкініщке орай құлап қалды. Биіктігі 17 метр болатын. "Тарихи мәдени мұра объектілерін қорғау және  пайдалану туралы" Заң бар,  соның 29-бабына сәйкес,  ол жерге  арнайы мамандар барады. Ақау актісі, бірнеше құжаттары толтырылып, әрі қарай сол мамандардың шешімімен тарихи-мәдени сараптама жасалуы тиіс.  Ақау актісі  нәтижесінде  ол ескерткішті қайта қалпына келтіруге болады ма, болмайды ма , содан кейін шешіледі",- дейді Ақтөбе облыстық ескерткіштерді қолдау орталығының басшысы Фархад Досмұратов.

Ақтөбе облысы аумағында мемлекеттің қорғауына алынған 859 ескерткіш бар. Оның тоғызы – республикалық маңызы бар, ал   850-і жергілікті маңызы бар ескерткіш деп саналады. Ал кешегі дауылға шыдас бермей құлап қалған желдірмен жергілікті маңызы барлардың санатынан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу