Ақтөбеде жүздеген адам бір мезетте күй тартты

924

Оған қатысқандардың көбісі – саз мектебінің оқушылары. 

Ақтөбеде жүздеген адам бір мезетте күй тартты Фото: inbusiness.kz

"Домбыра partyдің" көрігін қыздырғандардың арасынан өзге ұлт өкілдерін де көзіміз шалды,  деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Солардың бірі – Джи Чан Пак. Қазақстанға Кореядан қоныс аударыпты. 

"Менің домбыра үйренуіме ата-анамның ықпалы болды. Қазақстанда тұрғаннан кейін, осы елдің мәдениетін де білген дұрыс екенін айтты. Сосын Жанар Жайлауқызы деген ұстазыма келдім. Айтарлықтай қиын болмады, тез меңгердім. Өзім гитарада, пианиода ойнай білгесін ба, домбыра үйрену оңай болды. "Балбырауын" күйін үйренуге 1,5 ай уақыт керек болды. Қазір інім де домбыра үйреніп жүр", – деді Джи Чан Пак.

Ал 7-сыныпта оқитын Инара Развиваеваның домбыра  үйірмесіне келуіне атасы себепкер болған. 

"Атам музыканы өте жақсы көреді. Соның ішінде қазақ өнерін қатты дәріптейді. "Қазанғап" өнер мектебінің домбыра класына барып жүргеніме төрт жылдай болды. Қазір 15 күй тарта аламын", – деді Инара. 

Ақтөбедегі "Домбыра party"-ге белгілі өнертанушы, күйші Әбділхамит Райымбергенов те қатысты. Ол оқушылармен бірге екі күйді бірге орындап, жас өнерпаздарға дем берді.

"Қазақ халқы қаншама ұлт пен ұлыстарға қойнын ашып, осы жерге пана қылды. Егер әрбір ұлттың, этностың өкілдері домбыра тартып, осылай бізбен бірге дүбірлетіп тойласа, онда бізді ешбір жау ала алмайды", – деді Ә.Райымбергенов.

Шараға қатысқан өзге ұлт өкілінің жеті баласына Ақтөқбе облысынң әкімі Ералы Тоғжанов домбыра сыйға тартты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу