Ақтөбедегі ферма шошқаның қан-жынын өзенге ағызып отырған

2149

Фермада күніне үш жүз шошқа сойылады. Мамандар бір бас шошқаны сойғаннан кейін 8,5 келі қалдық шығатынын айтады.

Ақтөбедегі ферма шошқаның қан-жынын өзенге ағызып отырған

Ақтөбе облысының Бестамақ ауылындағы атышулы шошқа фермасына 2011 жылдан бері құзырлы органдар бір де бір рет тексеру жүргізбепті. Салдарынан заңбұзушылықтардың жалпы шығыны 7 млрд теңгеден асқан көрінеді. 

Ақтөбе облысының экология департаменті Нұржан Аққұл осылай деп отыр. Хош иістер астанасы – Париждің атын жамылған "Париж коммунасы 21" ЖШС-ға қарасты ферманы жергілікті халық  өлексемен ауаны ластады деп айып таққан болатын.  

"Мал қалдығы 5,6 га жерге көмілген, одан экологияға келтірілген зиян 14 млн теңге құрайды. Тексеру барысында траншеяның бір бөлігін қазып, одан 189 тонна қалдық алып шықтық. 2018-2019 жылы мекеме қоршаған ортаға берілен эмиссиясыз жұмыс істеген. Қазіргі күні тексеру қорытындысымен қылмыстық іс қозғалды. Фермада жобада көрсетілгендей 40 мың емес, 50 мың шошқа ұсталған. Оған байланысты да әкімшілік іс қозғалды. Барлық заң бұзушылықтар бойынша жалпы шығын 7 млрд 27 млн теңге құрады. Кемшіліктерді жойып, қалпына келтіру үшін мекемеге бір ай уақыт берілді. Ол талап орындалмаса, іс сотқа жолданып, шошқа фермасының жұмысы тоқтатылады", - дейді департамент басшысы.

Бұған дейін серіктестік басшылары Бестамақтың басындағы жағдайды айтып барған жергілікті қоғамдық кеңес мүшелеріне "шошқаның қан-жынын жаңа технология бойынша жемге айналдырамыз, қайтадан өңдеп, қажетке жаратамыз" деп айтып келген. Мамандар бір бас шошқаны сойғаннан кейін 8,5 келі қалдық шығатынын айтады. Ал аталмыш фермада күніне үш жүз шошқа сойылып отырған. Тексеру барысында сойыстан қалған қан-жынның мүлде өңделмейтіні белгілі болыпты. Оның орнына қасапшылар қалдықтың бәрін маңайға көміп, бір бөлігін өзенге ағызып отырған. Осылайша ауамен бірге ағын су да арамдалған. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу