Ақтөбедегі жол апаты: Оқушылар мінген көліктің жүргізушісі қамауға алынды

2098

Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша қылмыстық кодекстің "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Ақтөбедегі жол апаты: Оқушылар мінген көліктің жүргізушісі қамауға алынды

Ал Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов жол апатынан зардап шегіп, қажетті ем алып жатқан 8 баланың жағдайын білу үшін облыстық балалар ауруханасына барды. 
Балалардың ата-аналарымен кездесіп, зардап шеккендерге жан-жақты медициналық көмек көрсетілетінін және олардың жағдайы тәулік бойы бақылауда екенін жеткізді.

Облыстық балалар клиникалық ауруханасында өңір басшысына жан сақтау бөліміндегі бес баланың жағдайы туралы баяндады. Барлығы тұрақты ауыр жағдайда. Үш баланың жағдайы орташа, олар хирургиялық бөлімде ем алуда.

Зада Зейін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу