"Ақтөбе" футбол клубы Игорь Леоновтың команданың бас бапкері қызметінен кеткенін хабарлады.
Клуб басшылығы отбасылық жағдайларға байланысты маманның отставка туралы өтінішін қабылдап, екі жақты келісім бойынша келісімшарт бұзылды.
– "Ақтөбе" ФК бас бапкері Игорь Леонов команда сапынан кетті. Клуб басшылығы Игорь Ивановичтің отбасылық жағдайына байланысты жұмыстан кету туралы өтінішін қабылдап, екіжақты келісімшарт мерзімін аяқтады, – деп мәлімдеді клубтың баспасөз қызметі.
Игорь Леоновтың жетекшілігімен "Ақтөбе" 2024 жылы Қазақстан Кубогының иегері атанып, Премьер-Лиганың қола жүлдесін жеңіп алды.
Айта кетейік, Леоновтың орнына 42 жастағы қазақстандық маман Қайрат Нұрдәулетов қарастырылып жатыр. Оның басшылығымен "Ертіс" Бірінші лигада жақсы нәтиже көрсетті. Павлодарлық клубпен жасалған келісімшартта ол Премьер-Лига клубынан жақсы ұсыныс түскен жағдайда командадан кетуге құқылы деген тармақ бар.
Қазіргі уақытта "Ақтөбе" ел біріншілігінің жоғарғы дивизионында 10 ұпаймен төртінші орында тұр.
Қайрат Нұрдәулетов бапкерлік мансабын Қазақстан ұлттық құрамасында көмекші қызметінен бастаған. Қазақстан жастар құрамасы (U-21), сондай-ақ "Мақтаарал" мен "Жетісу" командаларын жаттықтырған.