RU KZ
KASE 2 380,91 РТС 1 241,26 FTSE 100 7 291,01 DOW J 25 750,92 Hang Seng 29 107,05 Мыс 6 529,01
$ 378.17 € 429.11 ₽ 5.88
Ауа райы:
0Астана
+10Алматы
KASE 2 380,91 РТС 1 241,26
FTSE 100 7 291,01 DOW J 25 750,92
Hang Seng 29 107,05 Мыс 6 529,01
«Ақтөбенің» футболы «таусылса», футзалы бар

«Ақтөбенің» футболы «таусылса», футзалы бар

Футзалдан Қазақстан кубогін тұңғыш рет «Ақтөбе» клубы жеңіп алды.

«Ақтөбенің» футболы «таусылса», футзалы бар, Футзал, Қазақстан кубогі, Ақтөбе, сенсация

Фото: kff.kz

1464 21 Желтоқсан 2018 16:46 Автор: Маруан Түсіп

Биыл футзалдан Қазақстан кубогі додасы Щучинскіде өтіп, оған қазан айында өткен іріктеу турнирінде үздік шыққан алты команда қатысқан болатын. Атап айтқанда, «Қайрат» (Алматы), «Ақтөбе» «Аят» (Рудный), «Жетісу» (Талдықорған) «Оқжетпес» (Көкшетау), «Динамо-Қызыл-Жар» (Петропавл) футзалшылары финалдық кезеңде бақ сынады.

Әуелі олар екі топқа тең бөлініп, бір айналымдық жүйемен кездесіп шықты. Топтық ойындардың қорытындысы бойынша төрт команда жартылай финалға шықты. Бір топтан «Қайрат» пен «Аят», ал екіншісінен «Жетісу» мен «Ақтөбе» шығып, ел кубогін сарапқа салу құқығына ие болды.

Қызық болғанда, жартылай финалдың бір жұбында «Қайрат» «Ақтөбеге» жол беріп алды. Соңғы жылдары ел ішінде ешбір ұжымға дес бермей жүрген УЕФА кубогінің екі дүркін иегері финалға шыға алмай, жер шұқыды. Матч 2:2 есебімен аяқталып, пенальти сериясында ақтөбеліктердің бағы жанды – 6:5.

Екінші жұптағы «Жетісу» мен «Аят» арасындағы матч та шектен тыс шиеленісті болды. Мұнда да, ойынның негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталған. Бірақ пенальтиге жүгінудің қажеті болмады. Себебі «Аят» қосымша уақытта (экстра-таймда) бір гол соғып, жеңісті жұлып әкетті.

Әуелі үшінші орынға «Қайрат» пен «Жетісу» таласып, алматылықтар 4:2 есебімен басым түсті. Сөйтіп, соңғы жеті жылда бірінші рет финалға шыға алмай, қола жүлдені қанағат тұтты. Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылы бас бәйгені Қарағандының «Тұлпары» жеңіп алған болатын.

Ал 2018 жылғы Қазақстан кубогінің финалында «Ақтөбенің» айдарынан жел есті. Олар шешуші матчта «Аятты» 2:1 есебімен ұтып, бірінші рет ел кубогін жеңіп алды. Олег Солодовник жаттықтыратын команда жеңіске деген жігерліктің үлгісін паш етіп, азуы алты қарыс «Қайратты» жолынан тайдырғанының өзі – өте маңызды жетістік!

Маруан Түсіп

Тегтер:

Аbctv.kz-ті қараңыз, оқыңыз :

Жаңалықтарға жазылу:

OK