Ақтоты Райымқұлова: Олимпиада кейінге шегерілгендіктен 3,4 млрд теңге үнемделді

1781

Халыққа есеп беру жиынында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова 2019 жылы салада атқарылған жұмыстар мен келесі жылға қойылған міндеттер туралы айтты. 

Ақтоты Райымқұлова: Олимпиада кейінге шегерілгендіктен 3,4 млрд теңге үнемделді

Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәдениет, спорт және туризм саласында атқарылған және алдағы уақытқа жоспарланған жұмыстар жайлы есеп берді.

"Салауатты ұрпақ қалыптастыру үшін балалар мен жасөспірімдерге жағдай жасалды. 2019 жылы балалар мен жасөспірімдерге арналған 11 жаңа мектеп ашылды. Жалпы, еліміз бойынша 477 балалар мен жасөспірімдерге арналған мектеп жұмыс істейді, оларда 350-ден аса балалар мен жасөспірімдер спортпен шұғылданады. Бұл ретте осы спорт мектептерінде секциялар тегін. Бұл бағытта біз жұмыстарды жалғастырамыз", - деді ведомство басшысы.

Бұдан басқа, спорт саласындағы жаттықтырушы оқытушылардың, мұғалімдердің, 4 мектеп-интернат, колледждер мен спорт колледжінің тәрбиешілерінің, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің жаттықтырушы оқытушыларының жалақысы көтеріледі. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтеріне сабақтан тыс уақытта спорт жаттығуларын жүргізгені үшін базалық лауазымдық жалақының 100% мөлшерінде қосымша ақы белгіленеді.

"Өздеріңіз білетіндей, биыл шілде айының аяғында - тамыздың басында өтуі тиіс Олимпиада ойындары кейінге қалдырылды. Осыған байланысты халықаралық және лицензиялық жарыстардың кестесіне, сондай-ақ осы ірі жарыстарға спортшыларды даярлауға өзгерістер енгізілді. Сонымен қатар бүгінгі таңда спортшылардың өз жаттығуларын қайта жаңғыртқанын айта кеткен жөн, бірақ, Олимпиада 2021 жылға қалғандықтан, бұл жартыжылдықта қомақты қаржы – 3,4 млрд теңге үнемделіп, мемлекеттік бюджетке қайтарылды. Яғни бұл қаражат оңтайландырылып, бюджетке қайтарылды", - деді А. Райымқұлова. 

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу