"Ақжайық" Қазақстан кубогінің жартылай финалына шықты

1856

"Қайрат" Қазақстан кубогінің ширек финалында "Ақжайықты" қабылдады. Алматыдағы Орталық стадионда өткен матч 1:2 есебімен оралдық клубтың пайдасына аяқталды.

"Ақжайық" Қазақстан кубогінің жартылай финалына шықты

"Қайрат"-"Ақжайық" арасындағы матчта бірінші таймның қосымша уақытында алматылық клубтың шабуылшысы Вячеслав Швырев алаңнан қуылды. 77-минутта Сергей Кейлер айып добын тамаша орындап, алаң иелерін алға шығарды. Бірақ ойынның аяқталуына үш минут қалғанда Виктор Васин өз қақпасына гол соғып алды. Ал 91-минутта Оралхан Өміртаев жеңіс голын соқты.

"Тараз" пенальтилер сериясында "Шахтерды" жеңіп, Қазақстан кубогінің 1/2 финалына шықты. Негізгі уақытта қарсыластар голдармен алмасты. Бұл кездесуде 66-минутта қонақтар шабуылшысы Роман Мұртазаев есеп ашса, екі минуттан кейін Абылайхан Жұмабек қарымта гол соқты. Қосымша уақытта нәтиже өзгермей, пенальтилер сериясында алаң иелері мықтырақ болды. Қорытынды есеп 4:2.

Сонымен қатар "Астана" Қазақстан кубогінің ширек финалында "Мақтааралмен" күш сынасты. Кездесу "Астана Арена" стадионында өтіп, 1:0 есебімен аяқталды. Матчтағы жеңісті голды алаңға қосалқы құрамнан шыққан "Астананың" шабуылшысы Килан Лебон соқты.

1/2 финалдық ойындар 19 қазанда, ал финалдық кездесу 12 қарашада өтеді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу