Алакөл жағалауында Ернар Әуезов пен реликті шағалаға ескерткіш орнату ұсынылды

4014

Келер жылы тұңғыш қазақ орнитологы Ернар Мұхтарұлының  80 жылдығы.

Алакөл жағалауында Ернар Әуезов пен реликті шағалаға ескерткіш орнату ұсынылды Фото: aikyn.kz

Журналист, жазушы Қанат Тілеухан Алакөл жағалауында тұңғыш қазақ орнитологы Ернар Әуезовке және ғалым құстың жаңа түрі ретінде дәлелдеп шыққан қара бас шағалаға ескерткіш орнату керек деп есептейді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

“Алакөлге барғанымда қара бас шағала көзіме оттай басылды.  Бұл Әуезовтің құстары ғой. Ұлы Мұқаңның (Мұхтар Әуезов) аяулы перзенті Ернар аға аз ғұмырын осы құстарды зерттеуге арнап кетті. 1970 жылдардың басында қара бас құс – реликті шағаланы құстың жаңа түрі екенін дәлелдеп ғылыми айналымға енгізді. Сөйтіп орнитология ғылымына бек пайдалы іс қылды. Бұл өте сирек құс. Тіпті жойылып кетудің алдында тұр. Қазақстан, Ресей, Қытай да ғана мекендейді. Соңғы кездері Алакөлге келмей кетті деп еститінмін. Көріп қатты қуанып қалдым. Бұл өзі масаға қас құс. Ішкі туризмнің қайнары болып тұрған Алакөл үшін реликті шағала өте-мөте қажет.”, - дейді Қанат Тілеухан 

Айта кету керек, Абай мен Жетісу облыстарында орналасқан көлге жыл өткен сайын жұрт ағылып жатыр.

“Осы бір ғажайып Алакөлдің тарихына арналған бір орын болса ғой. Әрине қасқайып Ернар Әуезов пен қара бас шағалалардың ескерткіші соғылса. Көлге демалуға келген жұрт танымын кеңітер еді. Алакөлдің екі жағында жаңадан Абай мен Жетісу облысы құрылды. Ернар Мұхтарұлының ескерткішін Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев пен Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев таласып салатын жөні бар. Меценаттығымен ел ауызына іліккен құрдасымыз Дулат Тастекей орнатса деген тілегіміз де жоқ емес. Бұл іс тарихта қалатын оқиға болары даусыз. Әр қазақтың баласы Әуезовтер әулетіне қарыздар. Бұл шаруа соның бір қайтарымы болар еді. Әмбе келер жылы Ернар Мұхтарұлының  80 жылдығы!” - деді жазушы. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу