Аламан бәйгеде қазақ жүйрігі "Айқабақ" бірінші боп келді

2047

Тағы бір қазақстандық "Жұмыртұяқ" есімді қылқұйрық екінші болып келсе, қырғызстандық сәйгүлік – "Қара қыз" үштікті түйіндеді.

Аламан бәйгеде қазақ жүйрігі "Айқабақ" бірінші боп келді Фото: Туризм және спорт министрлігі

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында ұйымдастырылған Аламан бәйге де өз мәресіне жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Жүйріктер 25 шақырымдық қашықтыққа шапқан Аламан бәйгеге 27 шабандоз қатысты. Соңғы айналымда 7 ат ғана жарыс алаңында шабуын тоқтатпады. Мәре сызығын бірінші болып "Айқабақ" есімді қазақ жүйрігі кесті.

1-орын: "Айқабақ", шабандоз – Аңсар Арыстанбек, бапкері – Сапарғали Сатпаев, ат иесі – Жамбыл Бөбекбай (Қазақстан).

2-орын: "Жұмыртұяқ", шабандоз – Хамза Аманкелді, бапкері – Марат Ақберлинов, ат иесі – Марлан Бектенов (Қазақстан).

3-орын: "Қара қыз", шабандоз – Элесов Нурэл, бапкері – Керимбеков Нурбек, ат иесі – Сырғақ уулу Изат (Қырғызстан).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу