Алан Құрманғалиев Бейжіңде өтетін China Youth Smash турниріне қатысады

243

3-5 қазан аралығында Қытайдың Бейжің қаласында үстел теннисінен халықаралық China Youth Smash 2025 турнирі өтеді. 

Алан Құрманғалиев Бейжіңде өтетін China Youth Smash турниріне қатысады Фото: sport-pulse.kz

19 жасқа дейінгі жас санатында жастар арасында әлем және Азия чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері өнер көрсетеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Олардың қатарында Ким Гаон (Корея, жастар арасында халықаралық рейтингте №3), Ли Сынсу (Корея, №4), Рюсей Каваки (Жапония, №5), Ли Хэчэн (Қытай, №7), Чан Ю Ан (Тайбэй, №10), Вен Жуйбо (Қытай, №11), Шунто Иваида (Жапония, №15) және басқа да спортшылар бар.

Қазақстан атынан бұл додаға Алан Құрманғалиев (№9) қатысады. Ол өз тобында Тайбэй, Сингапур және Гонконг спортшыларымен кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу