Алан Құрманғалиев Франциядағы турнирдің 1/8 финалына шықты

265

11-13 сәуір аралығында Францияның Мец қаласында "WTT Youth Star Contender Metz" халықаралық турнирі өтіп жатыр.

Алан Құрманғалиев Франциядағы турнирдің 1/8 финалына шықты Фото: sport-pulse.kz

Турнирде 19 жасқа дейінгі жас санатындағы әлемнің көптеген жетекші спортшылары қатысуда.

Атап айтқанда, халықаралық рейтингте 4-орында тұрған кореялық Ли Сынсу, Анкур Бхаттачарджи (Үндістан, 6), Флавиен Котон (Франция, 7), Хунг Цзин-Кай (Тайбэй, 15), қарағандылық Алан Құрманғалиев (Қазақстан, 19) және тағы да басқалары.

Біздің жерлесіміз жекелей разрядта және Коннор Гринмен (Англия) жұптық разрядта өнер көрсетуде.

Жекелей сында Алан өз тобында Коннор Гринді (Англия) 3:0, Энрике Риосты (Пуэрто-Рико) 3:0, Ма Ёнминді (Корея) 3:1 жеңіп, 1/8 финалға шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу