17 жастағы қазақстандық спортшы Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Венгрияның Сомбатхей қаласында өткен WTT Youth Contender турнирінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жарыста сынға түскен Алан Құрманғалиев 2-орынға ие болды. Ол бұл жарыста 8 кездесу өткізіп, 7 жеңіске қол жеткізді. Алан Құрманғалиев болгариялық Стефан Димитровты 3:0, люксембургтік Маэль Ван Дессельді 3:0, тайбэйлік Тай По-Чунды 3:2, румыниялық Драгож Бужорды 3:0, словакиялық Михаил Ловгуды 3:2, швециялық Исак Альфредссонды 3:0 және кореялық Ли Чон Мокты 3:0 есебімен жеңді.
Айта кетейік, бұған дейін дәл осы турнирде Алан Құрманғалиев 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында қола медаль еншілеген еді.