Алан Құрманғалиев үстел теннисінен WTT Youth Smash турнирінде күміс медальға ие болды

361

Жарыс Қытай астанасы Бейжіңде өтті.  

Алан Құрманғалиев үстел теннисінен WTT Youth Smash турнирінде күміс медальға ие болды Фото: ҚР Үстел теннисі федерациясы

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Алан Құрманғалиев WTT China Youth Smash турнирінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстандық спортшы U19 жас санатында өнер көрсетті. Жарыс барысында Құрманғалиев алты кездесуде жеңіп, финалға дейін жетті.

Жартылай финалда отандасымыз Қытай өкілі У Ифэймен тартысты ойын өткізіп, 4:3 есебімен басым түсті.

Шешуші кездесуде Құрманғалиев тағы бір қытайлық теннисші Тан Ижэньмен кездесті. Бұл жолы жерлесіміз қарсыласына есе жіберіп, турнирді екінші орынмен аяқтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу