Қаржылық мониторинг агенттігі алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті

108

Енді алаяқтар азаматтардың жұмыс орындарында тексеріс жүргізіліп жатқаны туралы жалған хабарламалар таратып, құжаттарды ұсынуға және "ынтымақтастыққа" шақырады екен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қаржылық мониторинг агенттігі алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті Фото: gov.kz

Алаяқтар көбіне орта және жоғары оқу орындарында тексеріс жүргені туралы айтады екен. Ал құрбанын сендіру үшін бұл хаттар Қаржылық мониторинг агенттігінің жалған логотиптері бар жалған бланкілерге басылып, жалған мөрлермен бекітіледі.

Кейін олар өзін ҚМА қызметкері ретінде таныстырып, азаматтарға хабарласып, банк шоттары туралы мәліметтерді алдап алуға тырысады. Сондай-ақ жалған ҚМА қызметкерлері мессенджерлер арқылы азаматты тексеріліп жатқан тұлғалар тізімінде бар деп хабарлап, ақша бопсалау жағдайлары да тіркелген.

"Азаматтардың шағымдарында жиі қайталанатын тегі: "Мыктыбаев", "Хамзин", "Жалимов", "Жалимбетов”, – делінген хабарламада. 

Осы орайда Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарға мына жайттарға назар аудару керегін айтады:

– мұндай тексерістер жүргізбейді;

– ресми хабарлама жібермей телефон арқылы жеке деректерді сұрамайды;

– жеке тұлғаларға телефон шалмайды;

– ақша аударуды талап етпейді;

– тек заң аясында әрекет етеді.

“Азаматтарды мұқият болуға, арандатушылық пен алаяқтардың айласын елемеуге шақырамыз. Күмән туған жағдайда 1458 нөмірлі Call-орталығына немесе +7 (727) 279-20-86 нөмірі бойынша кезекші бөлімге дереу хабарласу қажет”, – деп қосты ҚМА баспасөз қызметі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу