Алдағы референдум өткізуге қанша қаражат қажет?

107

Қаражат Үкімет резервінен бөлінеді. 

Алдағы референдум өткізуге қанша қаражат қажет? Фото: ЖИ

Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков жаңа Конституция жобасына қатысты алдағы референдум өткізуге қанша қаражат жұмсалуы мүмкін деген сауалға пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Осыған дейін айтқанымдай, сома әлі белгісіз. Ол бүгін түстен кейін немесе ертең белгілі болады. Орталық сайлау комиссиясынан бюджеттік сұраным күтіп отырмыз", – деді вице-министр Сенат кулуарында.

Тілшілер алдағы референдумға жұмсалатын қаражат бұған дейінгі референдумдарға кеткен ақшаға қарағанда көп бола ма деп нақтылады.

"Менің ойымша, көп болады. Себебі халық саны да көп, инфляция деңгейі де бар дегендей. Біз бюджеттік өтінімді қараймыз. Қаражат Үкімет резервінен бөлінеді", – деді Дәурен Темірбеков.

Айта кету керек, бұған дейін 15 наурызда жаңа Конституциясының жобасына байланысты республикалық референдум өтетінін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу