Шавкат Рахмонов бірнеше рет әлеуметтік желі арқылы Белал Мухаммадты жекпе-жекке шақырып, чемпиондық атақ үшін кездесу өткізуге ынталы екенін айтқан еді.
"Шавкатпен кездесудің мәні зор, өйткені ол әлі жеңіліп көрмеген. Бірақ Иан Гарри де әлі жеңіліс таппаған. Барлығы Шавкат туралы айтады, ол біздің дивизиондағы барлық жауынгердің үрейін тудырып жүр. Менің жағдайым мүлде басқаша болды. Мен Гилберт Бернспен қысқа мерзімде жекпе-жек өткізуге мәжбүр болдым, тек сол арқылы ғана үміткерлер қатарына қосыла алдым. Ал Шавкат Рахмоновтың соңғы қарсыласы Стивен Томпсон болатын. Стивен Томпсон сол кезде жеңілістер сериясында жүрген еді. Шавкат мені арандатуға тырысып жүр, бірақ ол тіпті ағылшынша сөйлемейді! Алдымен ағылшынша бірдеңе айтып алсын, сосын барып менімен трэш-токқа кіріссін," – деді Белал Мухаммад YouTube желісіндегі Mighty арнасына берген сұхбатында.