Александр Бублик АҚШ чемпионын жарыс жолынан шығарды

188

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда 2014 жылғы АҚШ чемпионы, қазіргі кезде рейтингіде 62-орында тұрған хорватиялық Марин Чиличпен өзара мықтыны анықтады.

Александр Бублик АҚШ чемпионын жарыс жолынан шығарды Фото: Жеке парақшасынан

Александр Бублик (ATP №24) US Open-2025 турнирін жеңіспен бастады. Ол хорват Марин Чиличті (ATP №62) 6:4, 6:1, 6:4 есебімен ұтты. 

Бірінші партияда Бублик 6:4 есебімен басым түсті. Екіншісінде қарқынын одан сайын үдетті – 6:1. Үшінші сет те Бубликтің пайдасына шешілді – 6:4. Бір сағат 50 минутқа созылған бәсекеде Бублик 16 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды.

Келесі айналымда Қазақстанның бірінші ракеткасы италиялық Лоренцо Сонегоға (ATP №46) немесе аустралиялық Тристан Скулкейтке (ATP №96) қарсы ойнайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу