Бұл – оның жеке рекорды, бұған дейін спортшы 17-орыннан жоғары көтерілмеген еді.
Мұндай көрсеткішке Бубликтің Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен ATP сериясындағы турнирде жеңіске жетуі себеп болды.
Әлемдік рейтингте испаниялық Карлос Алькарас көш бастап тұр. Екінші орында – италиялық Янник Синнер. Үздік үштікті германиялық Александр Зверев түйіндеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу