Александр Бублик алғаш рет АҚШ ашық чемпионатының төртінші айналымына шықты

324

Әлемнің 24-ракеткасы Александр Бублик АҚШ ашық чемпионаты аяқталған соң рейтингте бірнеше саты жоғары көтерілетіні сөзсіз. 

Александр Бублик алғаш рет АҚШ ашық чемпионатының төртінші айналымына шықты Фото: Жеке парақшасынан

Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 14-ракеткасы, америкалық Томми Полға қарсы кортқа шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бірінші партияда тай-брейкте Бублик шеберлік танытты. Екіншісінде Пол есе қайырды – 7:6 (7:4). Үшінші сетте қазақстандық теннисші брейк жасап, сол басымдылықты сақтап қалды – 6:3. Төртінші сетте тай-брейкте Т.Пол табандылық көрсетті – 7:6 (7:5). Бесінші, шешуші партияда Бублик бет қаратпады – 6:1. Бұл Бубликтің US Open-дегі ең үздік жетістігі. 2019 жылы қазақстандық теннисші үшінші айналымға дейін жеткен болатын.

Александр Бублик ширек финалға шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы, италиялық Янник Синнермен кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу