Александр Бублик Кицбюэль (Аустрия) ATP 250 турнирінің финалында әлемнің 100-ракеткасы, франциялық Артур Казомен чемпиондық атақты сарапқа салды. Бублик 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Бұл жеңіс үшін Бублик 250 рейтингтік ұпай иеленіп, дүйсенбі күні әлемдік рейтингте 25-орынға көтеріледі.
Соңғы бір айдан астам уақыт ішінде бұл қазақстандық теннисші үшін ATP турнирлеріндегі үшінші чемпиондық атақ.
Естеріңізге сала кетейік, 20 шілдеде Александр Бублик Швейцарияның Гштад қаласында өткен ATP 250 санатындағы турнирде финалда аргентиналық Хуан Мануэль Серундолоны (№109) 6:4, 4:6, 6:3 есебімен жеңіп чемпион атанды.
Ал, 20 маусымда Бублик Германияның Галле қаласында ATP 500 санатындағы турнирде топ жарды. Финалда ол ресейлік Даниил Медведевті 6:3, 7:6(4) есебімен ұтты.
Чемпиондық жарыс нәтижесінде Бублик қазір 11-орында. Маусым соңында жыл қорытындысы бойынша әлемнің үздік 8 теннисшісі Туринде өтетін финалдық турнирге жолдама алады.
Қазақстандық теннисші дүйсенбі күні басталатын Торонто Masters турниріне қатыса алмайды. Дегенмен Цинциннатидегі турнирде өнер көрсетеді.