Германияның Галле қаласында өткен беделді турнирдің финалында қазақстандық теннисші Александр Бублик ресейлік Даниил Медведевті сенімді түрде жеңіп, 6:3, 7:6 есебімен басым түсті.
Бұл - Бубликтің Галледегі екінші чемпиондығы. Ол мұнда алғаш рет 2023 жылы топ жарған еді. Осы жеңіспен Бублик Медведевке қарсы жеке кездесулердегі сәтсіз серияны үзді — бұған дейінгі 7 матчта да ресейлік үстем болған.
Дүйсенбіде жарияланатын жаңартылған рейтингте Александр Бублик әлемнің 30-ракеткасы атанады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу