Александр Бублик Аустриядағы турнирдің жартылай финалына шықты

358

Қазақстанның үздік теннисшісі дүйсенбі күні жаңартылған ATP рейтингінде мансабында алғаш рет кем дегенде 27 орынға көтеріледі. 

Александр Бублик Аустриядағы турнирдің жартылай финалына шықты Фото: bublik

Александр Бублик Аустрияда өтіп жатқан ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты. Ширек финалда Бублик (ATP №30) Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Александр Шевченконы (ATP №110) 6:4, 6:2 есебімен жеңді.

Жүлде қоры 596 035 еуроға бағаланған доданың финалына шығу үшін Бублик әлемнің 103-ракеткасы, нидерландылық Ботик ван де Зандсхулпен кездеседі. Матч бүгін Қазақстан уақыты бойынша 17:30-да басталады. 

Жартылай финалға шыққан Бублик 31 090 еуро сыйақы мен 100 рейтингтік ұпайды еншіледі. Дүйсенбі күні ол ATP рейтингінде кем дегенде 27-орынға көтеріледі. Қазіргі уақытта қазақстандық теннисші 6 матч қатарынан жеңіске жетті. Ал, соңғы екі айдағы жалпы көрсеткіші 15 жеңіс және 2 жеңіліс.

Александр Шевченко да құр алақан емес. Ол Китцбюэль турнирінен 18 мың еуро сыйақы және 50 рейтингтік ұпаймен кетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу