Дохада (Қатар) ATP-500 додасының жеребе тарту рәсімі өтті. Турнир 17-22 ақпан аралығында өтеді.
Жарыстың негізгі кезеңінде ресейлік теннисші Карен Хачанов пен қазақстандық Александр Бублик жұбы бірге кортқа шығады.
Алғашқы кезеңде олар сербиялық Новак Джокович пен испаниялық Фернандо Вердаско дуэтімен кездеседі.
Турнирге Джокович испаниялық Вердасконың жетекшілігімен дайындалып, олар жұптық жарысқа бірге қатысатын болады.
Сондай-ақ, Фернандо Вердаско үшін бұл оның кәсіби мансабындағы соңғы турнир болмақ. Джокович осы турнирде өзінің 100-ші титулын жеңіп алуды көздейтінін айтты.
Ол ұзақ уақыт бойы осы мақсатқа жету жолында еңбектенгенін және жеңіс сәті дәл Дохада боларына кәміл сенімді.
Турнирге Карлос Алькарас, Даниил Медведев, Андрей Рублев, Стефанос Циципас сияқты ойыншылар да қатысатындықтан, жанкүйерлер үшін жарыс ерекше қызықты әрі тартысты өтеді деп күтілуде.
Александр Бублик қатысатын матч сейсенбі, 18 ақпан, Қазақстан уақыты бойынша сағат 12:00-де басталады. Ал оған дейін қазақстандық теннисші жекелей жарыста 17-ақпан күні ресейлік теннисші Андрей Рублевпен шеберлік байқасады.