Александр Бублик Дубайдағы жарысты аяқтады

108

Дубайдағы ATP-500 турнирінің жүлде қоры 3 311 005 АҚШ долларын құрайды.

Александр Бублик Дубайдағы жарысты аяқтады

Александр Бублик Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өтіп жатқан ATP-500 санатындағы турнирдегі өнерін мерзімінен бұрын аяқтады.

Екінші айналымда қазақстандық теннисші Таллон Грикспурпен кездесті. Матч 1 сағат 23 минутқа созылып, нидерландылық спортшының екі сетте жеңісімен аяқталды - 6:3, 7:6.

Кездесуде фаворит саналған Бублик өз мүмкіндігін толық пайдалана алмады. Ол матч барысында 12 эйс жасап, екі рет қос қателік жіберді. Ал Грикспур 14 эйс орындап, бірде-бір қос қателікке жол бермеді. Бұл оның жеңісіне әсер еткен негізгі факторлардың бірі болды.

Бұл жеңіліс Бублик үшін Грикспурмен болған жеке кездесулердегі алғашқы сәтсіздік болды. Бұған дейін қазақстандық теннисші қарсыласын төрт рет қатарынан жеңген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу