Александр Бублик ATP175 Challenger турнирінің финалына шықты

292

Жартылай финалда қазақстандық теннисші португалиялық Нуно Боржешті (ATP №36) 6:3, 6:4 есебімен жеңді.

Александр Бублик ATP175 Challenger турнирінің финалына шықты Фото: olympic.kz

Финалға шыққан Александр 22 650 доллар сыйақыдан бөлек 90 рейтингтік ұпайға ие болды. Дүйсенбі күні ол ATP рейтингінде кемінде үш сатыға жоғары көтеріледі.

Финалда Александр Бублик бразилиялық теннисші Жоао Фонсекамен (ATP №80) кездеседі.

Матч Қазақстан уақыты бойынша 16 наурыздан 17 наурызға қараған түні 02:00-де басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу