Александр Бублик Гонконг ашық чемпионатының жартылай финалына шықты

306

Әлемдік рейтингтің көшбасшылары Гонконгтағы турнирде сынға түсуде. 

Александр Бублик Гонконг ашық чемпионатының жартылай финалына шықты Фото: olympic.kz

Қазақстандық теннисші Александр Бублик (№11) Гонконгта өтіп жатқан ATP 250 санатындағы турнирдің жартылай финалына шықты. Ол Қытай өкілі Шан Цзюньчэнді (№406) жеңді. 

Бублик матчта 6:1, 7:6 (7:2) есебімен басым түсті. Кездесу 1 сағат 26 минутқа созылды. Қазақстандық теннисші 15 эйс жасап, екі қос қателікке жол берді. Ал Цзюньчэн 3 эйс орындап, 3 рет қос қателік жіберді.

Жартылай финалда Бубликтің келесі қарсыласы Маркос Гирон (№64, АҚШ) мен Майкл Ммо (№285, АҚШ) жұбының жеңімпазы болады.

Айта кетейік, Александр Бублик әлемдік рейтингтегі жоғары орнының арқасында турнирді бірден екінші айналымнан бастады. Ол бұған дейін нидерландылық Ботик ван де Зандсхулпты (№75) екі сетте – 6:3, 6:3 есебімен жеңген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу